Сотталғандар шығарма жазды

28 Сәуір 2022, 04:15
2007
Бөлісу:
Сотталғандар шығарма жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шығармашылық сайыс өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың бойында ұлттық патриотизм мен отансүйгіштікті қалыптастыру.

Шараны «Balans Plus» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шараға барлығы жиырма сотталған қатысып «Отан. Сенім. Мемлекет» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазды.

Шығарма қорытындысы  бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жазасын өтеушілер арнайы дипломдармен және қомақты сыйақымен (тарлан карт) марапатталса, қалған барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды. 

Бүгінгі байқауға қатысып, бағымды сынап көрдім. Туып өскен жерім туралы шығарма жаздым. Ойымды еркін, жүйелі жеткізуге тырыстым. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қуаныштан толқып тұрмын. Қаншама сотталған арасынан жүлделі орын алу оңай емес, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді сотталған азамат.

Өзгелердің жаңалығы