Сотталғандар Павлодар қаласына 40 аялдама жасап береді

14 Қазан 2022, 14:38
2031
Бөлісу:
Сотталғандар Павлодар қаласына 40 аялдама жасап береді

Павлодар облысының жазасын өтеушілері автобус аялдамаларын жасаумен айналысады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл істі қауіпсіздігі орташа деңгейдегі №45 мекемесінің сотталушылары қолға алған. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус аялдамаларын жасау туралы ұсынысты жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері белдірген. 

Жазасын өтеушілер алдымен аялдаманың металл қаңқасын жасап, кейін ішкі жағына жарықтандыру жүйесін, шамдар, орындықтар орнатады. Сонымен қатар, конструкцияны арнайы материалдарман қаптайды. Дәнекерлеу, монтаждау жұмыстарының барлығын өздері атқарады, - дейді «Еңбек-Павлодар» республикалық кәсіпорнының директоры Асылхан Оспанов.

Сала мамандарының айтуынша, бұл – сотталғандар үшін бірінші кезекте нәмақа табуға жақсы мүмкіндік. Жұмыс режимі мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес бекітіледі. Бір аялдаманың қаңқасын жасауға небары бір-екі күн кетеді. Айта кетейік, жоспар бойынша облыс орталығына арналған 40 аялдама жасалады.

Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінің жанында сотталушыларға еңбек етуге қолғабыс жасау үшін кәсіпкерлік нысандары бар. Мәселен, өткен жылы мекемелердің бірінде экологиялық таза ағаш ойыншықтарын жасау цехы ашылған.

Өзгелердің жаңалығы