Павлодар облысында сотталғандар "Тұңғыш президент күнін" атап өтті

30 Қараша 2019, 09:13
3820
Бөлісу:
Павлодар облысында сотталғандар "Тұңғыш президент күнін" атап өтті

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 мекемесінде "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай сотталғандардың арасында "Поле Чудес" ойыны ұйымдастырылды.

Ойын ережесіне сәйкес 3-кезеңнен тұратын турнир ұйымдастырылды. Екі турнирден сүрінбей өткен 3 қатысушы финалдық бәсекеде бақ сынады.

"Поле Чудес"  ойынының ережелеріне сай қатысушылардың ұпай сандары барабанда түскен бағдаршаға байланысты болды. Олар залдың көмегін сұрап, жасырылған сөздерді тапты. 

Сонымен қатар, сотталғандар гитарамен ән орындап, жиналғандарға мәдени бағдарлама ұсынды. Олар шараны тек мерекелік күнге орай емес, басқа күндерде де ұйымдастыруды сұрады. Бұл осы бағыттағы түзеу жұмыстарының дұрыс жүріп жатқанының белгісі деуге болады. 

Полиция аға лейтенанты, Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімі "АП-162/4" мекемесінің бастығы Н.К. Алиғожин жиналған қауымды мерекемен құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді.

Бүгін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай ұйымдастырылып отырған шараға белсене қатысқан және ұйымдастыруға атсалысқан жандарға алғыс білдіремін. Сіздердің сұрауларыңыз бойынша осы шараны дәстүрлі түрде өткізуіміз мүмкін. Сіздердің тарапыңыздан осындай ұсыныс болғаны бізді қуантады... Әкімшілік атынан сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын, - деді мекеме бастығы.

Шараға көрермен ретінде 90 сотталғандар отряды қатысты.

Өзгелердің жаңалығы