Соттағы оқыс оқиға: ер адамды оқ атуға не итермелеген?

16 Қаңтар 2020, 20:03
2040
Бөлісу:
Соттағы оқыс оқиға: ер адамды оқ атуға не итермелеген?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еске салсақ, Новокузнецк қаласында Энтузиастов көшесіндегі сотта 45 жастағы азамат жан-жағындағы адамдарға оқ жаудырып, ішіне тиген оқ салдарынан сот приставы қаза тапқан болатын. 

Ал сотқа куәгер ретінде келген әйел ауыр жарақат алды. Оқ атқан адам ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Риа Новости құқыққорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 2018 жылы жазда куәгер ретінде өтіп жатқан әйелдің күйеуі оқ атқан ер адамды трактормен басып кете жаздап, оның гаражын зақымдаған көрінеді. Соңында тек жылжымайтын мүліктің бүлінгені туралы қылмыстық іс қозғалған. Алайда, зардап шеккен адам бұған көндікпей, істі "адам өміріне қастандық жасау" бабы бойынша ауыстыруды сұраған.

Оқ атқан кісінің гаражын қиратқан ер адамның әйелі күйеуін жанжалдасуға дейін жеткізді, - делінген хабарламада.

Ресейдің Кемерово облысының апаттық жағдайлар бойынша медициналық орталығының баспасөз қызметі әйелге операция жасағанын хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, операциядан кейін әйелдің жағдайы жақсарады.


Өзгелердің жаңалығы