Сот жүйесі туралы заңға үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

27 Желтоқсан 2021, 18:43
1618
Бөлісу:
Сот жүйесі туралы заңға үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Президент«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы