Сот прокурорлардың жазаны жеңілдету бойынша 298 өтініш хатын қарап жатыр – Қилымжанов

22 Қаңтар 2022, 17:48
2105
Бөлісу:
Сот  прокурорлардың жазаны жеңілдету бойынша 298 өтініш хатын қарап жатыр – Қилымжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жалпы соттармен қаңтардағы оқиғалармен 9 213 әкімшілік іс қаралды. Соттар, шын ниетпен өкіну және жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп, 4 561 тұлғаға қатысты ескерту жасаумен шектелді. Прокурорлардың өтініш хаттарымен 1 083 адам қамаудан босатылды, 490 айыппұл жазалары ескертуге ауыстырылды, 386 әкімшілік іс құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты толығымен қысқартылды, - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, 362 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1 245 тұлғаға қатысты айыппұл салынды. 

Сонымен бірге прокурорлардың әкімшілік жазаларды жеңілдету туралы 298 өтініш хат соттардың қаралуында, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы