Сот орындаушыларына түскен құжат сомасы 9 трлн теңгеден асып кетті – Әділет министрлігі

11 Ақпан 2022, 12:03
1282
Бөлісу:
Сот орындаушыларына түскен құжат сомасы 9 трлн теңгеден асып кетті – Әділет министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында вице-министр Азамат Әмірғалиев хабарлады. Оның айтуынша, сот актілерін орындау – әділет органдары қызметінің маңызды салаларының бірі болып отыр. 

Сот орындаушыларының өндірісінде болған құжаттар саны 6 млн 760 642-ні құрады. Бұл 9 трлн теңгеден астам сомаға тең. 2020 жылмен салыстырғанда 30%-ға артық, - деп атап өтті вице-министрі. 

Сонымен қатар ведомство басшысы оның қаншасының  орындалғанына тоқталды. 

Толық көлемде 2 млн 349 166 құжат орындалды. Бұл олардың 74%-ын құрайды немесе 300 млрд теңге сомасына тең. Сонымен қатар 2224 борышкер жұмысқа орналастырылды. Шағымдардың мөлшері екі есеге азайды. Салыстыру үшін айта кетсек, 2020 жылы - 461, 2021 жылы 202 шағым түскен еді, - деді Азамат Әмірғалиев. 

Өзгелердің жаңалығы