Сот орындаушыға төлем туралы түбіртекті көрсетудің еш қажеті болмайды – Марат Бекетаев

23 Желтоқсан 2019, 12:12
2016
Бөлісу:
Сот орындаушыға төлем туралы түбіртекті көрсетудің еш қажеті болмайды – Марат Бекетаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев алдағы уақытта азаматтарға бұрынғыдай сот орындаушыға төлем туралы түбіртекті көрсетудің еш қажеті болмайды деп отыр.

Келешекте азаматтарға бұрынғыдай сот орындаушыға төлем туралы түбіртекті көрсетудің еш қажеті болмайды. Төлемді онлайн жүзеге асырғаннан кейін барлық шектеулер, соның ішінде елден сыртқа шығуға шектеу автоматты түрде шешіледі. Халыққа борышкерлердің бірыңғай тізіміне және шығуға шектеу тізіміне қолжетімділік қамтамасыз етілген. Өзара байланыс үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті жұмыс істейді, - дейді Марат Бекетаев.

"Азаматтар мен заңды тұлғаларды олардың міндеттемелері туралы уақытылы әрі тиімді хабарландыру үшін "SMS – хабарлама" сервисі құрылды. 

Енді мобильді телефон нөмірлеріне істі қозғау және процессуалдық әрекеттер туралы SMS-тер келіп түседі. Демек, хабарламаны уақытылы алып тұру үшін нөмірлер мен мобильді телефонның тіркеуден өтуі қажет екенін ескерген жөн. Бұған қоса, бүгін сатылуда тұрған тыйым салынған мүлік туралы мәлімет тек электрондық сату алаңында ғана емес, мүлік сатуға арналған интернет-ресурстарда орналастырылады. Бұл сатып алушылар санын көбейтеді, - деді министр.
Бұған дейін, Марат Бекетаев Мәжілістегі Үкімет сағатында борышкерлерге ыңғайлы болу үшін онлайн қосымшалар қосылғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы