Барлық банктерді осындай қызметтерді ұйымдастыруға шақырамын - Марат Бекетаев

23 Желтоқсан 2019, 12:07
2258
Бөлісу:
Барлық банктерді осындай қызметтерді ұйымдастыруға шақырамын - Марат Бекетаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев мәжілістегі үкімет сағатында борышкерлерге ыңайлы болу үшін онлайн қосымшалар қосылғанын айтты.

Автоматтандырудың тағы бір артықшылығы – енді сот орындаушы өзінің жеке виртуалды кабинеті арқылы барлық атқарушылық әрекеттерді жасай алады. Бұл мемлекеттік органдардың 58 ақпараттық жүйесімен біріктіру нәтижесінде мүмкін болды. Мысалы, бас прокуратураның - "Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі"; жоғарғы соттың - "Төрелік" жүйесі; ұлттық қауіпсіздік комитетінің - "Бүркіт" жүйесі; ішкі істер министрлігінің - "Бақылау" жүйесі; қаржы министрлігінің - "Электрондық мемлекеттік сатып алу" жүйесі; цифрлық даму министрлігінің - "Е-gov" порталын айтуға болады, - дейді Марат Бекетаев.
Оның айтуынша, сонымен қатар, бірқатар екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен біріктіру жүргізілген. Яғни 27 банктен 14 банк.
Халыққа ыңғайлы болуы үшін жүйеде кассалық қызметтер мен "Қазпошта", "Kaspi Bank" терминалдары арқылы қарыз төлеу мүмкіндігі ұсынылды. Елімізде 200-ден астам терминал орнатылды. Аталған қызметті шамамен 100 млн теңге сомасына төрт мыңнан астам борышкер пайдаланды. Бұған қоса, берешекті post.kz және kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бүгінде 69 мың борышкер бір миллиард теңгеден астам сомадағы қарызын осы қосымшалар арқылы төлеген. Халыққа бұл ыңғайлы және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлық банктерді осындай қызметтерді ұйымдастыруға шақырамын, - дейді әділет министрі.


Өзгелердің жаңалығы