Сот 270 адамға қатысты бұлтартпау шараларын қолданды - ІІМ

16 Ақпан 2022, 11:10
1056
Бөлісу:
Сот 270 адамға қатысты бұлтартпау шараларын қолданды - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов брифинг барысында айтты. 

Күдіктілердің:    1- жасаған қылмысын,  2 - жеке басын,     3-жасын     ескере отырып,       тергеу мен,         прокуратураның бастамасы бойынша 270 адамға сот, күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шараларын қолданды – ол үйқамақ, ешқайда кетпеу туралы қолхат, - деді Жанат Ешмағамбетова. 

Оның айтуынша, бұл нәтижелер  тергеу және прокуратура органдарының  қылмыстық істер материалдарын мұқият зерттеу барысында мүмкін болды.

Заңды сақтауды және адамдар құқықтарының қорғалуын тек қылмыстық істерді тергегенде ғана емес, қамауда ұстау жағдайларына қатысты да қамтамасыз ету өте маңызды, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы