Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы егілді – ДСМ

1 Мамыр 2021, 13:02
1297
Бөлісу:
Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы егілді – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігімен вакцинацияға барынша қол жеткізу қамтамасыз етілді. Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды, оның ішінде 300 жылжымалы. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинация науқанын өткізуге тартылды.

Сәуір айының соңында 2,3 млн қазақстандық үшін вакцинацияға қолжетімділік қамтамасыз етілді.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын ерікті негізде 1 293 379 адам және 266457 адам вакцинаның екінші дозасын алды.

Әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан 177 елдің ішінде 30 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланғандардың абсолютті саны бойынша 51 - орында тұр.

Вакцинация қарқыны қазір азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, жақындарының денсаулығы мен жалпы иммунитеттің пайдасына олардың дұрыс таңдауына байланысты екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады және ел тұрғындарының вакциналардың үш түрін (SputnikV, QazVac және HayatVax) таңдау мүмкіндігі бар, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Республика бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі вакцинациялаудың тәуліктік қарқыны 109 мыңға дейін өсті және ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі деректермен салыстырғанда 11 есеге ұлғайды.

Халық белсенділігінің осы қарқынын сақтау ай сайын шамамен 2 млн.халықты вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирустық инфекцияны жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал болып табылады. Бүгінгі таңда тек вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін естен шығармау керек, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде короновирустық инфекцияның таралуының күрт өсуі байқалады. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық деректеріне сәйкес ағымдағы жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша COVID – 19 жұқтырудың 151 104 146 жағдайы тіркелді, оның ішінде 128 987 465 адам қалпына келді, 3 178 208 қайтыс болды, өлім – жітім көрсеткіші 2,1% – ды құрайды.

Бір тәулік ішінде 879 586 жағдай тіркелген, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың жалпы санының өсуі – 0,6% құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда сырқаттанушылықтың өсуін тұрақтандыру үрдісі байқалады. Соңғы үш апта ішінде ауру орташа есеппен тәулігіне 2,6 мың жағдай деңгейінде сақталады, - деп хабарлады ДСМ.

Халықты жаппай иммундау арқылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу - бұл шектеу шараларының жалғыз баламасы және әлемдегі пандемиямен күресудің тиімді әдісі болып табылады.








Өзгелердің жаңалығы