Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Оның айтуынша, шілденің екінші онкүндігінен бастап ДДСҰ-ның 6 аймағының 4-інде аурушаңдықтың өсу үрдісі байқалып отыр.
Бір апта ішінде індет жұқтыру деректері, әсіресе, Әзербайжанда көбейген. Аталған елде жеті күн ішіндегі аурушаңдық деңгейі 63%-ға артқан.
Жапонияда аурушаңдық деңгейі 34%-ға, Израильде 33%-ға ұлғайғаны байқалып отыр. Қазақстанда дерттің өсуі соңғы аптада 7%-ға төмендеді. Әлемдік рейтингте 1 млн халыққа шаққанда аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі бойынша еліміз 222 мемлекеттің ішінде 101-орында тұр, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ ведомство басшысы 24 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 748 851 КВИ+, 67 870 КВИ- жағдайы тіркелгендігін алға тартты. Түркістан облысын қоспағанда барлық өңір «қызыл» аймақта.
Сонымен қатар соңғы екі апта бойы республикада коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері біртіндеп төмендеп келеді. Он төрт күннен бері індеттің 10%-ға төмендегенін көріп отырмыз, - деп атап өтті Алексей Цой.
Оқи отырыңыз: