Соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру 3,2 есеге өсті – Ажар Ғиният

2 Тамыз 2022, 10:25
1761
Бөлісу:
Соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру 3,2 есеге өсті – Ажар Ғиният

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, бүкіл әлемде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. Елімізде пандемия басталғаннан бері ресми статистикаға сәйкес коронавирустық инфекциямен 1 млн 400 мыңнан астам адам ауырып, аурудың 5 толқыны болды. Маусымның 20-нан бастап республика бойынша КВИ-нің келесі көтерілуі басталды. Соңғы екі аптада ауырған адамдардың саны 10 714 жағдайдан 34 550 жағдайға дейін 3,2 есеге өсті, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол елдегі кешегі ахуалға тоқталды. 

Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдайы тіркелді, өлім-жітім болған жоқ. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін Омикрон нұсқасының сипаттарын, денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені және саланың дайындығын ескере отырып, министрлік 15 шілдеден бастап сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққандағы ауруханаға жатқызу көрсеткішіне ауыстыра отырып, ағымдағы матрицаны өзектендірді. Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта, еліміз және қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы