Соңғы екі аптада 15 шенеунік сотталды

4 Қараша 2020, 04:28
1245
Бөлісу:
Соңғы екі аптада 15 шенеунік сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы екі аптада болған жаңалықтармен бөлісті. Дереккөздің хабарлауынша, соңғы екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 23 тұлғаға қатысты 17 айыптау үкімі шыққан, олардың 15-і әртүрлі деңгейдегі басшылар, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

7 тұлға бас бостандығынан айырылды, 5 тұлғаның бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар, жымқыру фактілері бойынша - 4, алаяқтық үшін – 3, пара бергені үшін - 3, пара алғаны үшін – 10 және бұрмалау үшін - 2 тұлға сотталды, - деп хабарлайды Агенттіктің 1-інші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.  

Ол, сондай-ақ, бірнеше күн бұрын ұсталған БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қайыповқа нақты қандай айып тағылғанын айтып берді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеуді бастады. Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан 78 млн теңге тұратын қызметтің атқарылғаны туралы актіге кедергісіз қол қою үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған, - деді Бегайдаров.  

Қазір Қайыпов мен оның сыбайласы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қ. ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

Өзгелердің жаңалығы