Соңғы 5 жылда су тасқынынан 165 елді мекен зардап шекті - Амрин

17 Ақпан 2022, 12:49
1606
Бөлісу:
Соңғы 5 жылда су тасқынынан  165 елді мекен зардап шекті - Амрин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Соңғы 5 жылда су тасқынынан 10 өңірдегі 165 елді мекен зардап шекті. Көктемгі қар еру кезінде су тасқыны болуы мүмкін 800 мың адам тұратын 1010 елді мекен анықталды. ТЖМ республикалық деңгейде министрліктер, әкімдіктермен бірігіп су тасқынына қарсы жол картасы жұмыс істеп жатыр, - деді ол. 

Амрин атап өткендей, жол картасы бойынша өткен жылы 30 шара жүзеге асырылды. 

Оларды жүзеге асыруға 2 млрд теңге қаржы жұмсалды. Су тасқыны болуы мүмкін елді мекендер бойынша да жұмыс жүзеге асырылды. Жалпы 2021 жылы жүзеге асырылған 3 құжат аясында өзендердің арнасын тазалау жұмыстары жүргізілді, - деді Амрин. 

 

Өзгелердің жаңалығы