Сомалиде су тасқыны басталды

16 Мамыр 2023, 23:11
537
Бөлісу:
Сомалиде су тасқыны басталды
Фото: The Associated Press

Ұзақ уақыт қуаңшылық зардабын тартқан Сомалиде аяқ астынан нөсер жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ. The Associated Press-ке сілтеме жасап

Толастамай жауған жаңбыр салдарынан Шабель өзені арнасынан асып, су тасыды. Табиғи апаттан 22 адам қаза тауып, 220 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. 

Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Осының салдарынан тырысқақ пен безгек дерттерінің тарау қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы