Сомали астанасында жарылыс болды

30 Қазан 2022, 13:23
1194
Бөлісу:
Сомали астанасында жарылыс болды

Сомали астанасында екі үлкен жарылыс болды. Қайғылы оқиға қала орталығында орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Билік жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тапқанын және зардап шеккен адамдардың нақты саны белгісіз екенін хабарлады. Екінші жарылыс біріншісінен біраз уақыт өткен соң, құтқарушылар қайғылы оқиға орнына келген кезде болды. Болжам бойынша, екі жарылғыш құрылғы көліктерге орнатылған.

Жарылыстар Сомали Үкіметінің экстремистік «Аш-Шабаб» тобының содырларына қарсы бағытталған ауқымды операцияның барысын талқылаған кезде болды.

Айта кетсек, осыдан бес жыл бұрын дәл осы қиылыста жүк көлігі жарылып, 500-ден астам адам көз жұмған еді. Бұл шабуылды «Аш-Шабаб» тобы ұйымдастырғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы