Солтүстік Қазақстанда өрттен екі бала құтқарылды

9 Наурыз 2024, 03:40
431
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда өрттен екі бала құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстанда өрт кезінде 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, СҚО Петерфельд ауылындағы 2-қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шыққан.

Жедел келген №2 және 13 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері 3 иінді сатының көмегімен үйдің екінші қабатынан 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД 15 жуық адам мен 2 техника қатысты, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің себебі - 1,5 шаршы метр аумақтағы қысқа тұйықталу екендігі анықталды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы