Солтүстік Қазақстанда әкімдік ғимараты өртеніп кетті

12 Желтоқсан 2023, 17:01
443
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда әкімдік ғимараты өртеніп кетті
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Қазақстанның солтүстігінде ауылдық әкімдіктің ғимараты өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz мәліметінше, оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Воскресеновка ауылында кеше түнде болған. Салдарынан Воскресеновка ауылдық округі әкімдігінің 1955 жылы ағаштан салынған ғимараты өртеніп кетті.

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

Қызыл жалынның тұтануына пештің құрылысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзылуы себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы