Солтүстік Қазақстанда шекарада жүк көліктеріне арнайы жолақтар орнатылуда

10 Қазан 2019, 13:32
1672
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда шекарада жүк көліктеріне арнайы жолақтар орнатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты. 

"Өңiр басшысы өндiрiстiк, бизнес және спорт объектiлерiн аралады. Ауданның дамуына арналған жиын да өттi. Облыс әкiмi Қарақоға ауылының жанындағы шекара бекетiне барды. Мұнда күрделi жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бекетте жүк көлiктерiне арнайы жолақтар қойылуда", - делінген таратылған ақпартта.

Осылайша жүк және жеңiл автокөлiктердiң ағынын ажыратып, кезектi қысқартуға болады.

Өзгелердің жаңалығы