Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталды

7 Маусым 2021, 13:10
1448
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Өңір диқандары көктемгі дала жұмыстарын мамыр айының екінші онкүндігінде бастаған болатын. Дәнді уақытында сіңіріп үлгеру үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының мәлімдеуінше 4,2 миллион гектар алқапқа дән сіңірілді. 

Егіс алқаптарының 2,9 миллион гектарына бидай егілсе, 892 мың гектары майлы дақылдардың еншісінде. Бұған қоса, биыл 31,1 мың гектарға картоп және 6 мың гектардан астам алқапқа көкөніс отырғызу жоспарланған.

Диқандардың ендігі міндеті минералды тыңайтқыштарды енгізу. Жалпы, биыл облысқа 153 мың тонна тыңайтқыш жеткізу туралы келісімшарт жасалған. Қазіргі күні оның 101 мың тоннадан астамы әкелініп, пайдаланылды, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Бекшенов.

Бұған қоса агроқұрылым басшылары өсімдік зиянкестерімен күреске әзірленуде. Жалпы, жыл сайын өңірде 30-дан астам зиянкестерді улау үшін дәрілеу жүргізіледі. Бұл да астық шығымдылығы мен сапасына зор әсер ететін факторлардың бірі.  

Қазіргі күні өңірде ауылшаруашылығы техникасының тапшылығы жоқ. Дегенмен, заманауи трактор-комбайндарды пайдалану жұмыстың сапасына тікелей әсер етеді, - дейді мамандар. 

Сондықтан биыл өңірде құрастыратын «Class» комбайндарын сатып алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Атап өткен жөн, жергілікті техника нарықтағы бағадан 50-52 пайызға арзан болады дейді басқарма мамандары.



Өзгелердің жаңалығы