Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында кезекте тұрған 40 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Бұл туралы облыс басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұл Бескөлде салынған алғашқы 5 қабатты үй. Келесі жылы жанынан дәл сондай көп қабатты үй бой көтереді. Аудандарда биыл кезекте тұрғандар үшін 7 көп қабатты үй салынды. Жалпы, биыл 300 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға беріледі. Бұл 3 мың пәтер. 11 мың адам қоныс тойын тойлайды. Келесі жылы 400 мың шаршы метр баспана саламыз деген мақсат қойдық. Осының арқасында көптеген солтүстікқазақстандықтар жаңа баспанаға ие болады.
Сонымен қатар аймақ басшысы облыс орталығында 32 көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатқанын айтты.
Оқи отырыңыз: