Солтүстiк Қазақстанда коммерциялық үйлер көптеп салынуда

9 Маусым 2020, 04:33
1187
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстанда коммерциялық үйлер көптеп салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов қаладағы бiрқатар нысанды аралады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ең алдымен өңiр басшысы Новая көшесiнде жасалған тегiн автотұраққа келдi. Бұл жерде 50 машина қоюға болады. Жақын маңдағы үйлердiң иелерiне ендi тұрақ табылды. Биыл қала бойынша 10 автотұрақ жасалып, үйдiң аулалары машиналардан арылмақ. Жалпы, 50 автотұрақ жасау көзделген.

Облыс әкiмi коммерциялық үйдiң құрылысын да қадағалады. Борки кентiнде "Самал" тұрғын үй кешенi бой көтеруде. Өңiр басшысы жыл санап бюджеттiк емес үйлердiң көбейiп келе жатқанын атап өттi. Екi жылда қалада 30 үй салынса, оның 10-ы коммерциялық үйлер.

Құмар Ақсақалов қалада жуырда ашылатын "Атлас Синема" кинотеатрына да бас сұқты. Облыс әкiмi осыдан 8 жыл бұрын 1 кинотеатрдың ғана жұмыс iстегенiн, қазiр 4 кинотеатр, оның iшiнде 14 кинозалдың бар екенiн атап өттi. Бұл экономиканың өсiп келе жатқанын, ойын-сауық саласы да дамып жатқанын көрсетiп отыр.

Өзгелердің жаңалығы