Солтүстік Қазақстан әкiмi тұрғындарды «конверттегi жалақы» туралы ақпарат беруге шақырды

10 Шілде 2019, 06:50
1324
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан әкiмi тұрғындарды «конверттегi жалақы» туралы ақпарат беруге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов нақты секторда еңбекақыны көтеру мәселесi талқыланған отырыста хабарлады.  

Облыста республикамен салыстырғанда халық табысы 30%--ға төмен. Дегенмен, жыл басынан берi 140 солтүстiкқазақстандықтың еңбекақысы өстi. Алғашқы тоқсанда еңбекақы 10%-ға ұлғайып, 113 мың теңгеге жеттi. Алайда, аграрлық, құрылыс және өнеркәсiп салаларында еңбекақы мөлшерi төмен.

«Құрылыс саласында еңбекақы төмен. Бiздегi құрылыстың 70% бюджеттiкi, ақша бөлiнедi. Яғни, жұмыс берушiлер құрылыс материалдары мен еңбекақыға берiлген ақшаны үнемдеп отыр. Облыс тұрғындарын төмен еңбекақы, «конверттегi жалақы» туралы анонимдi түрде хабарлауды сұраймын», - дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы кәсiподақтар жұмысына да сын айтты. Аталмыш мәселелер халықтың табысын арттыруға арналған ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылады. Осындай комиссиялар аудандарда да құрылуы тиiс.

Өзгелердің жаңалығы