Соғыс басталды. Министр мұғалімдердің бала назарын өздеріне аудара алмайтынын айтты

17 Тамыз 2022, 15:47
19312
Бөлісу:
Соғыс басталды. Министр мұғалімдердің бала назарын өздеріне аудара алмайтынын айтты

Бұл пікірді «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы»  атты ата-аналарға арналған Республикалық Тамыз конференциясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомства басшысының айтуынша, қазір әлемде отбасы құндылықтары өз орнын жоғалтып жатыр.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер үлкен соғыс жариялады. Ол соғыстың нысаны – біздің балаларымыз бен жастарымыз. Неге десеңіз, күнделікті көріп жүрген Instagram, Facebook, Netflix және Amazon тәрізді әлеуметтік желілер үлкен алпауыт компанияларға айналды. Олардың арттарында алпауыт технология бар. Яғни мыңдаған инженерлер тұр. Жасанды интеллектің алгоритмдері арқылы баланың күнделікті уақыты мен зейінін өздеріне алып отыр. Қазір мұндай соғыс басталып кетті, - деді министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл соғыстың үш жағы бар.

Оның біріншісі, үстінде айтқан алпауыт компаниялар. Екіншісі, біз отбасы, яғни ата-аналар, үшіншісі – ұстаз. Қазіргі уақытта ұстаздардың жұмысы өте қиын. Біз ата-аналармен оны түсінуіміз керек. Неге десеңіз, ұстаз өз-өзімен және басқа ұстаздармен де, бағанағы айтқан алпауыт компаниялармен де бәсекелесуі керек. Ұстаздың өзінің жиған шектеулі білімі бар. Ал ар жақтағы бала зейінін алып отырған компаниялардың ең мықты маманы, ең үздік компазиторлары бар. Атап айтсақ, Marvel, DC Comics, Disney секілді. Сондықтан да бала ұстазының жасаған контентін көргісі келе ме, әлде ар жақтағы ең мықты шығармашыл топтардың контентін көргісі келе ме? Бұл соғыста кім жеңеді екен өздеріңіз аңғарып отырсыздар, - деді министр Тамыз конференциясында. 

Өзгелердің жаңалығы