Содырлар көшеде көлігін бермегендерге оқ атты - Таймерденов

16 Қаңтар 2022, 20:41
1394
Бөлісу:
Содырлар көшеде көлігін бермегендерге оқ атты - Таймерденов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бүлік кезінде содырлар көшеде бей-берекет оқ атқанын айтты.

Оның айтуынша, қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бей-берекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды, дүкен сатушылары мен көлігін беруден бас тартқан жүргізушілерді өлтірген.

Осындай жағдайда 6 қаңтар күні режиссер Сәкен Битаев өлтірілді. Сол күні кешкі сағат 21.30 шамасында Алматы қаласы әкімдігі жанында әкім Б. Сағынтаевтың картежіне де оқ жаудырылды. Қастандық салдарынан «Алматы» телеарнасының қызметкері қаза тауып, тағы үш адам, оның ішінде әкімдіктің екі қызметкері жараланды,-деді ол.

Сондай-ақ ол содырлардың әрекеттері алдын ала ұйымдастырылғанын жеткізді. Биліктің беделіне нұқсан келтіру үшін полицейлер мен әскери қызметкерлердің киімін киіп алған. Алаң маңында 493 бейнекамера істен шыққан.

Өзгелердің жаңалығы