Соғыс ардагері: Соғыс - тек қана қайғы-қасірет

9 Мамыр 2020, 21:14
2627
Бөлісу:
Соғыс ардагері: Соғыс - тек қана қайғы-қасірет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының әскери қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Ардагерлер зат сөмкесін, котелоктарын, ет косервасын, флягасын арқалап алдынғы қатарда он сегіз жасар бозбала кезінде, Ұлы Отан соғысына аттанған кездерін есіне алып, сол 1943 жылдарға оралды.

Галкина Нина Сергеевна орталық майданда зеңбірекші ретінде соғыс жолынан өтті. 1941-1945 жылдардар аралығында Ұлы Отан соғысы орденімен, II дәрежелі және "Әскери қызметі үшін" медалімен марапатталған. Бүгінгі күндері ол әрең жүреді, снарядтың сынығы жарақат алған аяғы әлі күнге дейін ауырады, бірақ ол оптимизм рухы мен сергектікті жоғалтпайды. Құттықтауларды қабылдай отырып, Нина Сергеевна әскерилерден бір нәрсені талап етті - Отанды қорғау және жер бетінде бейбітшілікті сақтау.

Өзінің тарихында 94 жасын атап өткен Михаил Диденко, өзінің 17 жасында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, үшінші Беларуссия майданының құрамында Пухович, Вильнюс, Каунас, Кенигсберг, Пиллау қалаларын қалай азат еткені туралы еске алды.

Соғыс әрқашан қайғы-қасірет, сансыз құрбандық, тәлкеке ұшыраған миллиондаған тағдыр. Жеңіс қуанышын көз жасымен қарсы алып, өзімнің аман оралғаныма қуанып бақытқа бөленгенім әлі есімде - дейді кейуана.

Прихно Анастасия Ананьевна - Башқұрт КСР-нің тумасы, 1923 жылы 11 тамызда дүниеге келген. 1943 жылдың тамызынан 1945 жылдың желтоқсанына дейін ол бірінші жылжымалы госпитальда, бірінші Белоруссия майданында медбике ретінде күрескен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған, және "Беларуссияны азат еткені үшін" медалімен марапатталған.

Әскери қызметкерлерге соғыс туралы, соғыс жолдарында кандай қиын болғанын айта отырып, жас медбике Анастасия Прихно көз жасын жасырмады. Ол сарбаздар мен офицерлерге қалай қарағанын, отбасыларына хат жазғанын, мүгедек сарбаздардың қалай өмір сүріп, майданға оралғысы келетінін еске алды. Соншама жылдар өтседе, сол сұрапыл соғыс алі күнге дейін түсіне кіреді.

Әлемде бейбітшілікті сақтандар! - дейді ардагер көз жасын жасырмай. 

Жеңіс өте ауыр жолмен келді. Біздің ұрпағымыз миллиондаған адамдарға өмір сыйлау үшін мыңдаған өмірлерін аямады. Сіздің міндетіңіз – құрбан болған батырларды еске алу, және Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін білу.

Өзгелердің жаңалығы