Алматы мешіттері Мақтааралға көмек жіберді

9 Мамыр 2020, 20:49
2083
Бөлісу:
Алматы мешіттері Мақтааралға көмек жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Алматы Орталық мешітінен "Мақтааралға көмек" атты қайырымдылық керуені жолға шықты. 

Қайырымдылық керуеніне бұзылмайтын азық-түлік, тұрмысқа қажетті киім-кешек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар қабылданды. Ауыр жүк көлігіне тиелген заттар 16 тоннаға жуық. 

Сонымен қатар Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай "Мақтааралға көмек" қайырымдылық шарасына үлес қосқан қолы ашық азаматтарға, кәсіпкерлерге, имамдарға және мешіт жамағаттарына үлкен алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы