Смайылов заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселесіне жауап берді

1 Маусым 2023, 21:30
2272
Бөлісу:
Смайылов заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселесіне жауап берді
Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаттары Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз, ERG және Қазақмыс компаниялары туралы сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әлауқат қоры Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген қатысушының (акционердің) құқықтарын іске асыру арқылы еншілес және тәуелді ұйымдарды басқаруды жүзеге асырады. Қордың 3 стратегиялық мақсаты белгіленген. Біріншіден, активтер портфелін тиімді және белсенді басқару, яғни активтердің таза құнын 2 есе арттыру. Қор портфельдің сапасын оңтайландыруды және арттыруды, озық технологияларды енгізуді, сондай-ақ бизнесті жүргізу моделін жетілдіруді қамтамасыз етеді, Екіншіден, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер шығаруды ұлғайтуға бағытталған әртараптандыру. Қор жаңа индустрияларды дамытуға және жаңа қайта бөлуге шығуға инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді. Бұл экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, тұрақты даму. Оның мақсаты – ESG принциптерін енгізу. Қордың негізгі факторлары адамдардың әл-ауқаты, экологиялық тепе-теңдік және сонымен бірге озық бизнес тәжірибелері мен корпоративтік басқару принциптері негізінде ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, - деп жауап берді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Қазақстан экономикасының флагмандарының бірі.

Әр жылдары дивидендтер төлеу бойынша міндеттемелерді орындаумен қатар, бос қаражат активтерді сатып алуға - Б.В. Қашаған кен орнындағы үлесті ұлғайтуға, ірі МӨЗ жаңғыртуға, магистральдық құбыр жүйесінің өткізу қабілетін арттыруға, жаңа салаларды – мұнай - газ химиясын игеруге, сондай-ақ басым бағыттарды дамытуға-мұнай мен газды барлау мен өндіруге бағытталды, - деп түсіндірді ол.

Ол сондай-ақ ERG тобы боксит, марганец, темір, темір-марганец, барит кендерін және көмір өндіруге 23 келісімшартқа ие екенін айтты.

Қазақмыс компаниясы мыс, құрамында мыс бар, мыс-молибден және полиметалл кендерін өндіруге 24 келісімшартқа ие. Соңғы 10 жылда Қазақмыс компаниялар топтарынан (6 компания), ERG компанияларынан (11 компания) және «ҚазМұнайГаздан» жиынтығында түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2,5 триллион теңгеден асты, - деді Премьер-министр өз жауабында.

Өзгелердің жаңалығы