Смайылов Үкімет қалай инфляцияның алдын алатынын айтты

12 Желтоқсан 2022, 11:05
815
Бөлісу:
Смайылов Үкімет қалай инфляцияның алдын алатынын айтты

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасының даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды. Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-қа жетті. Экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті. Биыл қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстанда инфляция көрсеткіші - 19,6%.

Оның негізгі факторлары – геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі.

Қазіргі кезде Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған, — деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы