Смайылов: ТМД ынтымақтастыққа жаңа бағыттар іздеп жатыр

28 Қазан 2022, 11:37
835
Бөлісу:
Смайылов: ТМД ынтымақтастыққа жаңа бағыттар іздеп жатыр

ТМД Үкімет басшылары кеңесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз ТМД елдерінің тереңдетілген әріптестігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалаймыз. Бүгінгі қиын жағдайда достастығымыз бір орында тұрып қалмағаны қуантады. Біздің ынтымақтастығымыз үшін жаңа бағыттар іздестіріліп жатыр, - деді Әлихан Смайылов.

Ол әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, ТМД Атқару комитетіне іс-шараларды ұйымдастыруда тиімді үйлестіргені үшін алғыс білдірді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық әріптестерімнің атынан Сергей Николаевич Лебедевті алдағы үш жылдық кезеңге ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтағым келеді, - деді Премьер-Министр.

Шағын форматтағы отырыста қатысушылар экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Бүгін Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы