Смайылов ТМД-ның қазіргі экономикалық жағдайы туралы айтты

28 Қазан 2022, 14:13
771
Бөлісу:
Смайылов ТМД-ның қазіргі экономикалық жағдайы туралы айтты

ТМД басшыларының кеңесінде Әлихан Смайылов одақ елдерінің экономикасы біртіндеп қалпына келіп, іскерлік белсенділік арта түскенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

ТМД-да экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру үшін туындаған мәселелерге бірлесе ден қою шараларының тізбесі қабылданды. Құжат өзара инвестицияларды ынталандыру, өнеркәсіптік кооперация, кедендік реттеуді жеңілдету, жаңа логистикалық тізбектерді, терминалдық инфрақұрылымды қалыптастыру, цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Айтуынша, биыл сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Бұл бағытта біз бірінші кезекте ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге бағдарландық. Біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі құрамдас бөлігі пандемиядан кейінгі жағымсыз салдарларды азайту бойынша келісілген іс-шараларды іске асыру болды. Бүгін бұл жұмыстың практикалық нәтижелерін көріп отырмыз, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы