Смайылов шағын және орта бизнесті дамытуға арналған ұлттық жобамен таныстырды

19 Сәуір 2022, 09:39
1128
Бөлісу:
Смайылов шағын және орта бизнесті дамытуға арналған ұлттық жобамен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, билік пен бизнестің конструктивті өзара іс-қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың берік негізін қалайды. Үкімет «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірге бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бекітіліп, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері туралы Заң қабылданды, -деді Смайылов Үкімет отырысында.

Смайылов  Үкімет «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы» аясында қолдау шараларын жалғастыратынын айтты.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2030-шы жылға дейінгі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжатқа сәйкес, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін қажетті институционалдық жағдайлар мен алғышарттар қабылданатын болады. Тұжырымдаманы іске асыру 2030-шы жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді, -деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ оның айтуынша, 2030-шы жылға қарай Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40%-ке, Жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы