Смайылов ресми сапармен Грузияға келді

22 Маусым 2023, 20:36
610
Бөлісу:
Смайылов ресми сапармен Грузияға келді
PHOTO
Фото: Үкімет

Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдейді.

Смайылов ресми сапармен Грузияға келді

Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Смайылов ресми сапармен Грузияға келді

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы