Смайылов: Қытайға жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге дайынбыз

4 Қыркүйек 2023, 12:42
469
Бөлісу:
Смайылов: Қытайға жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге дайынбыз
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы тауар айналымы көлемінің 6%-дан астамы Шаньдунға тиесілі. 

Сонымен қатар Қазақстан өз өнімдерін Қытай нарығына одан әрі ілгерілетуге және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қарастыруға мүдделі. Осыны ескере отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде көлік әлеуетін дамыту және өзара іс-қимылды тереңдету ерекше өзектілікке ие. 

Смайылов: Қытайға жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге дайынбыз

Бұған бір күн бұрын Алматыда өткен қазақстандық арпаны ҚХР-ға жеткізу үшін "Қытай–Еуропа" бағыты бойынша алғашқы кері бағыттағы пойыздың іске қосылуы ықпал етеді. Біз осы бағыт арқылы қазақстандық өнімдерді жеткізуді арттыруға және жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ Премьер-министр Астанада Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті. 

Смайылов: Қытайға жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге дайынбыз

Өз кезегінде Лин У Шаньдун провинциясы мен Қазақстан өңірлері арасында өнімді ынтымақтастық орнағанын атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сауда және логистикалық инфрақұрылым құрылысы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту бойынша үлкен әлеует бар. 

Бұл жолы бізбен бірге Шаньдун провинциясынан аталған салалардағы 100-ден астам кәсіпорынның өкілі келді. Біз бірқатар бірлескен сауда-экономикалық жобаларға қол қоямыз деп отырмыз. Ортақ күш-жігердің арқасында болашақтағы ынтымақтастығымыз кеңейетініне сенімдіміз. Біз кәсіпорындарымыз арасындағы серіктестікті тереңдетіп, бірлескен жобаларды көбірек жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Лин У. 

Өзгелердің жаңалығы