Смайылов Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасарын қарсы алды

12 Қазан 2022, 20:38
574
Бөлісу:
Смайылов Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасарын қарсы алды

Премьер-министр Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.

 Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы