Смайылов Қонаев қаласында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

13 Қаңтар 2023, 19:43
950
Бөлісу:
Смайылов Қонаев қаласында облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады
PHOTO

Қонаев қаласында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Премьер-Министр Үкімет Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасында ұсынылған кең ауқымды реформаларды іске асыруға кіріскенін атап өтті. 

Смайылов Қонаев қаласында облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

Онда дамудың негізгі драйверлері ретінде өңірлерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы жылдарда ауылдық аймақтарды өркендетуге басымдық беріліп, ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналатын болады. Бұл ретте еліміздің аграрлық-индустриалды өңірі болып саналатын Алматы облысының алатын орны ерекше, — деді Әлихан Смайылов. 

Жуық арада Ауылдық аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы қабылданады. Ол ауыл экономикасын, жер қатынастарын, жергілікті өзін-өзі басқаруды және басқа да салаларды жаңғыртуға бағытталады. Сонымен қатар Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясындағы жұмыстар, сондай-ақ бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және суармалы жерлерді көбейту бойынша жұмыстар жалғасады. 

 

Смайылов Қонаев қаласында облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

Премьер-Министр әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша да ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл бағытта «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жаңа ұлттық жобалары іске асырыла бастады. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін облыста 68 мың орынға арналған 63 мектеп және 38 жаңа медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын ашу жоспарлануда.

Смайылов Қонаев қаласында облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін қосымша 9 мектеп салу қажет. Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты бюджеттен тыс қорымыз бар. Оған 120 млрд теңге түсті. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігіне қаражат бөлуге тиісті өтінім беру керек, — деді Әлихан Смайылов. 

Смайылов Қонаев қаласында облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

2030 жылға дейін Алматы агломерациясын дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы