Смайылов пен Во Тхи Ань Суан ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады

14 Қазан 2022, 15:48
1165
Бөлісу:
Смайылов пен Во Тхи Ань Суан ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суан экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері Қазақстан мен Вьетнам сындарлы диалог орнатып, екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Соңғы 7 жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 2 есе артты.

Бұған 2015 жылы ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою ықпал етті. 

Біз қазірдің өзінде қазақстандық экспортты 90 тауар атауы бойынша 500 млн-нан астам долларға ұлғайтуға дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазақстандық азаматтарға Вьетнамға визасыз кіру мүмкіндігін беру мәселесін көтерді, бұл екі ел арасындағы сауда және туризмді дамытуға оң әсер етеді.

 Өз тарапынан Во Тхи Ань Суан Вьетнамның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне үлкен маңыз беретінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы