Смайылов пен Чакрабарти ел экономикасын дамыту мәселелерін қарастырды

21 Ақпан 2023, 18:54
1259
Бөлісу:
Смайылов пен Чакрабарти ел экономикасын дамыту мәселелерін қарастырды
Фото: ҚР Үкіметі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар республика экономикасының түрлі секторларын дамыту, мемлекеттік басқаруды реформалау және коммуникация саласын нығайту бойынша халықаралық сарапшылардың іске асырып жатқан қадамдары мен ұсыныстарын талқылады.

Атап айтқанда, инвестициялық ахуал, мектеп және жоғары білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік органдар мен басқа да бағыттар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі мәселелер қаралды.

Премьер-Министр Үкімет еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін кезең-кезеңімен арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін Мемлекет басшысының бекітілген жоспарлары мен Сайлауалды бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

Биыл мемлекеттік органдардың шешім қабылдаудың жеделдігін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар құжат айналымы мен есептілікті қысқарту жұмыстары жалғасады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Үкімет пен әкімдіктердің азаматтармен қарым-қатынасын одан әрі дамытуға назар аударылатын болады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесу аясында Салық және Бюджет кодекстерін әзірлеу мәселелері және ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.

Өзгелердің жаңалығы