Смайылов: Мемлекет әйелдердің әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшін салады

8 Наурыз 2023, 09:36
927
Бөлісу:
Смайылов: Мемлекет әйелдердің әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшін салады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміздегі әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аяулы аналар! Қымбатты арулар! Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылғанын атап өтті. 

Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы. Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45%-ды құрап отыр. Бұл – АҚШ және Түркия елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Біздің елімізде әйелдер ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп, мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысып отыр. Егер 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, өткен жылы 55,4%-ға жетті - деді Премьер-Министр.

Қазақстан гендерлік теңдік орнаған қоғам қалыптастыруда айтарлықтай жетістікке жеткен.

Мемлекет алдағы уақытта да қазақстандық әйелдердің әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшін салады. Көрікті көктемнің осынау шуақты күнінде экономиканың сан түрлі саласында еңбек етіп, елдігімізді нығайтуға, кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарымызды баянды етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Сіздерге шынайы құрметімді білдіруге рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын! - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы