Смайылов: Конституция – Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі

30 Тамыз 2023, 09:21
611
Бөлісу:
Смайылов: Конституция –  Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі
Фото: BAQ.KZ primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті отандастар! 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі.

Қазақстан Конституцияның мызғымас нормаларына сүйене отырып, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадамдарды жүйелі түрде жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. 

Барша қазақстандықтарға амандық пен береке, еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін! – деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы