Смайылов: Келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді

21 Желтоқсан 2022, 19:31
1195
Бөлісу:
Смайылов: Келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді
PHOTO

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысқа қатысушылар биылғы ведомствоаралық жұмыс топтары қызметінің қорытындысын, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын қарады, сондай-ақ ОДМ-ды іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады. 

Смайылов: Келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді

Премьер-Министр өз сөзінде Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың барлық саласында үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталғанын атап өтті. 

Бүгінгі таңда келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді, оларды біртіндеп іске асыру керек, — деді Әлихан Смайылов. 

Шетелдік әріптестер республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Өзгелердің жаңалығы