Смайылов: Геосаяси шиеленіс пен жоғары инфляция – біздің елдеріміз үшін басты сын-қатер

25 Ақпан 2022, 11:57
2119
Бөлісу:
Смайылов: Геосаяси шиеленіс пен жоғары инфляция – біздің елдеріміз үшін басты сын-қатер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді.  

Кешегі отырыста біз экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді мазмұнды түрде талқыға салдық. Әрбір ел өзінің ұлттық мүдде мен ұлттық нарығын қорғауға ұмтылады. Ұлттық мүдделер мен интеграциялық үдерістер арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табу, әсіресе экономикалық тұрақсыздық жағдайында болашаққа стратегиялық көзқарасымызды анықтау маңызды, - деді Үкімет басшысы кеңейтілген отырыста.

Премьер-министр Смайыловтың мәлімдеуінше, ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикасы өткен жылы айтарлықтай белсенді түрде қалпына келген.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемлекеттер экономикасының пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін айтты. 

Былтырғы  қорытынды бойынша Одақтың ЖІӨ өсімі 4,5%-ды құрады. Сонымен бірге, сарапшылар 2022 жылы жаһандық экономикалық өсудің баяулауын болжап отыр. Осы жылы Одақтың ЖІӨ өсімі 3,1% болады деп күтілуде. Биылғы жылды қиын жағдайда бастап отырмыз. Геосаяси шиеленіс пен жоғары инфляция біздің елдеріміз үшін басты сын-қатер болып қалуда, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы