Смайылов: Елді мекендердің 77 пайызы мобильді кең жолақты интернетпен қамтылған

26 Қаңтар 2023, 16:12
823
Бөлісу:
Смайылов: Елді мекендердің 77 пайызы мобильді кең жолақты интернетпен қамтылған
Фото: Артём Чурсинов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алдында мемлекеттік қызметті және жалпы экономиканы цифрландыру бойынша бірқатар маңызды міндет тұр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр электронды түрде ұсынылған қызметтердің деңгейі 92 пайызға дейін жетті. Оның 80 пайызын халық смартфон арқылы алып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ-ның электронды үкімет халықаралық рейтингінде Қазақстан екі орынға көтеріліп, 28 орынға ие болды. Елді мекендердің 77 пайызы мобильді кең жолақты интернетпен қамтылған. Оның ішінде 3G технологиясы бойынша - 44 пайыз, 4G - 33 пайыз. Биыл да осы оң динамиканы қамтамасыз ету өте маңызды. Жалпы, Мемлекетбасшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Сайлауалды бағдарламасында,сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруға бар күш-жігерді жұмылдыру қажет, - деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы