Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

24 Қараша 2022, 09:21
768
Бөлісу:
Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.  

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды. 

Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді  тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы