Смайылов депутаттардың «Алаш күнін» ресми белгілеуге қатысты сауалына жауап берді

24 Қаңтар 2023, 12:57
1183
Бөлісу:
Смайылов депутаттардың «Алаш күнін» ресми белгілеуге қатысты сауалына жауап берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Ақжол» партиясы депутаттарының 12 желтоқсанды «Алаш күні» деп ресми белгілеу туралы ұсынысына жауап берді,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысының жауабында былай делінген.

Қазіргі таңда Президенттің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік комиссия өз құзыретіне сәйкес 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысып жатыр, - Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы атап өткендей, жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде ісшаралар ұйымдастырылып келеді. 

Алдағы уақытта көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады, - деп жауабын толықтырды Смайылов.

2022 жылғы 21 желтоқсанда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Алаш Республикасының құрылған күні 12 желтоқсанды – «Алаш күні» деп ресми белгілеуді ұсынып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы