Смайылов Дағдарысқа қарсы жоспарды 25 наурызға дейін енгізуді тапсырды

18 Наурыз 2022, 09:58
1326
Бөлісу:
Смайылов Дағдарысқа қарсы жоспарды 25 наурызға дейін  енгізуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов  Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы елімізді қарқынды түрде дамыту,  экономиканың тұрақтылығы мен  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  және халықтың тұрмыс деңгейі мен  әл-ауқатын жақсарту жөнінде  аса ауқымды міндеттер қойды.Мемлекет басшысы  дағдарысқа қарсы шаралар пакетін  тез арада жүзеге асыруды тапсырды, - деді Смайылов.

Ол атағандай, дағдарысқа қарсы шаралар  экономиканы қолдауға, инфляцияны бақылауды күшейтуге,  валюта нарығын тұрақтандыруға,  жаңа жұмыс орындарын құруға,  сондай-ақ  кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Осыған байланысты  Ұлттық экономика министрлігіне,  Ұлттық Банк  және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып  Дағдарысқа қарсы жоспарын  25 наурызға дейін  енгізуді тапсырамын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы