Смайылов: Біздің міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету

11 Қаңтар 2023, 10:57
1012
Бөлісу:
Смайылов: Біздің міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің осы жылы қандай жұмыстар атқаратынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Биыл   Үкімет пен әкімдіктердің алдына  бірқатар нақты міндет  қойылып отыр. Біз  Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға   бар күшімізді   жұмылдыруымыз керек. Мемлекет басшысының   барлық тапсырмалары мен бастамалары   қоғамның сұранысына  және осы жылғы сын-тегеуріндерге негізделген, - деді Үкімет басшысы. 

Айтуынша, аталған міндеттерді орындау үшін  әрбір министрлік пен өңірдің қосатын үлесі  аса маңызды.

Биыл біз ең кемі 4%  экономикалық  өсімді қамтамасыз ету үшін   бәріміз үйлесімді   әрі тиімді жұмыс жүргізуіміз керек. Экономика салаларын дамытуда,   бірінші кезекте,   ішкі нарықты   отандық тауарлармен толықтыруға   басымдық берілуі тиіс. Халықтың әл-ауқаты,   ең алдымен,   тұрақты өсімге байланысты. Сондықтан,   экономиканы одан әрі әртараптандыруға   және тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған   жұмыстарды жандандыру керек, - деді Смайылов.

Ол министрліктер мен өңір әкімдіктері инвестиция тарту  және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын  күшейтуі тиіс екенін айтты.

Әр инвестормен жұмыс істеп, әрқайсысына бөлек жағдай жасап,   қарсы міндеттемелер белгілеу қажет. Біз әр жобаның   экономикалық нәтижесін көруіміз керек. Биыл кем дегенде  24,4 млрд. доллар   шетелдік инвестиция тарту қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Мәлімдеуінше, бағаның өсуін ұстап тұру жұмыстары басты назарда болуы тиіс.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция 20,3%-ті құрады. Инфляцияға   ең алдымен,   азық-түлік бағасының өсуі   себепші болып отыр. Яғни, салалық министрліктер мен әкімдіктер   бұл мәселе бойынша   қажетті іс-шараларды   жеткілікті  қабылдай алмады. Біздің міндетіміз – биыл инфляцияны   2 есеге төмендету. Ол  9,5% шегінде болуы керек. Бұл – өте күрделі міндет. Сондықтан,   кез-келген проблеманың алдын-алу шараларына  баса мән беріп,  жұмыла әрекет етуіміз қажет, - деді Премьер-министр. 
 

Өзгелердің жаңалығы