Смайылов: Басты мақсат – халықты жұмыспен қамту

27 Қыркүйек 2022, 10:52
1021
Бөлісу:
Смайылов: Басты мақсат – халықты жұмыспен қамту

Біздің басты мақсат –   халықты жұмыспен қамтып,   кәсіпкерлік субъектілерінің бәріне бірдей,   тең жағдай жасау. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шағын бизнесті сапалы дамытуға және орта бизнесті нығайтуға бағытталған. Басты мақсат – халықты жұмыспен қамтып, кәсіпкерлік субъектілерінің бәріне бірдей, тең жағдай жасау. Бұл үшін мемлекет бизнесті жүргізудің ашық   және түсінікті ережелерін қабылдап отыр. Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп,   кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеу саясатын енгізу бойынша  ауқымды жұмыс атқарып келеді.

Премьердің айтуынша, адами факторлардың әсерін барынша азайту үшін мемлекеттік бақылауда тәуекелдерді басқару  және бағалау жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

Тұтастай алғанда, реформаны «таза парақтан бастап» жүзеге асыру  бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып,   кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасайды. Біз Үкіметте Отандық кәсіпкерлер кеңесінде көлік, энергетика, агроөнеркәсіп саласындағы бизнестің проблемаларын, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ  экономиканың басқа да салаларындағы мәселелерді тұрақты түрде қарап отырмыз, – дейді Смайылов.

Сөзінше, биыл шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 33,5%-ке жетті.

Бүгінде Үкімет пен бизнес арасында жүйелі   әрі конструктивті диалог орнады деп  айтуға болады, - деді Үкімте басшысы.

Өзгелердің жаңалығы