Смартфондардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

21 Мамыр 2021, 20:30
2461
Бөлісу:
Смартфондардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «Redmi» маркалы 747 дана смартфондарды тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлады.

2021 жылдың 21 мамырында Қордай ауданында орналасқан «Аухатты» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы бағытына қарай, Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезінде, ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары бірігіп жүргізген тексеру барысында тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфондарды тасымалдау әрекетіне жол берілмеді, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта, қылмыстық құқық бұзушылық істі қозғау үшін, материал Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

     

Өзгелердің жаңалығы